Астанадан көлікпен шығып, Бұйратау ұлттық паркіне төрт сағатта жетуге болады. Парк екі облыс, яғни Ақмола мен Қарағанды облыстарының аумағында орналасқан. Бұл ұлттық парктен Дүниежүзілік Табиғатты қорғау Одағының Қызыл кітабына енгізілген тау қойларын кездестіруге болады. Бұл жануар түрін арқар деп те атайды.
Арқарлар адамның иісін бір шақырым жерден сезеді. Олардың хеморецепторы біздікінен әлдеқайда жоғары. Иіс сезгіштігі оларды жауынан қорғап қана қоймай, өзара топтасуында да үлкен рөл ойнайды. Мәселен, кез келген арқар өз отарындағы өзге жануарларды иісіне қарап тани алады.
Біз бағдарламамызда Бұйратау ұлттық паркіндегі тау қойларының жабайы, қолға үйретілгені және өзге де будандастырылған түрлерімен таныстырып, жануардың ерекшелігіне тоқталамыз.