Өткен жыл ел дихандары үшін өте қиын болды. Ауа райының қолайсыздығы, су тапшылығы деген секілді мәселелер жыл сайын шаруаларды тығырыққа тірейтіні жасырын емес. Бұл проблеманы еңсеру үшін не істемек керек?
Мемлекет басшысы 2023 жылы қыркүйектегі Жолдауында елдегі ауыл шаруашылығы техникаларының әбден тоз-тозы шыққанын айтты. Үкіметке осы техникалық паркті алдағы жылдары кезең-кезеңімен жаңартуды тапсырды. Бұл түйткілді шешуде Үкімет тарапынан бөлек, шаруалар мен дихан қауымы қандай қам-харекет жасап жатыр?
Біздің елдің агросекторын дамыған елдер секілді ғылымға негіздеуге не кедергі? Неге біз осы саланы ғылыми тұрғыдан түлете алмай келеміз?
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәрін өзіміз өсіреміз. Бірақ нарық пен базарға келгенде баға мен тапшылық мәселесі тұтынушыларды қынжылтып жатады. Неге?
Ауыл шаруашылық саласындағы сан түрлі сауалға Сыр өңірінде жер жыртып, жемісін жеп жүрген еңбек адамы, Қазақстанның Еңбек Ері Имамзада Шағыртаев жауап берді.