Ол уақыт ағыны мен адамдардың байсалды мінезінен зор ләззат алып, көңіл-күй мен ішкі сезімдерді жарқыраған бояу түстері арқылы жеткізе біледі. Досбол Қасымовтың жан-жақтылығы, талғампаздығы, психологиялық қырағылығы ғажап кескіндемелерінен көрініп тұрады. Досбол Қасымов – кітап көремдеуші дизайнер, талантты суретші. Айтулы еңбектерінің бірі – Пауло Коэльоның «Захир» повесі бойынша жасалған туындысы. Ол – еліміздің ұлттық валютасына ат салысқан, сондай-ақ ұлы Абайдың құрметіне шығарылған алтын, күміс тиындардың авторы. Оның қолынан шыққан жұмыстарды Қазақстан, Ресей, Англия, Австралия, Оңтүстік Кореяның музейлерінен көруге болады.