Тедди долл бұл – бет-әлпетімен денесі адамға ұқсайтын, бір қарағанда аңның кейпін еске түсіретін жұмсақ қуыршақ. Бұл әдемі қуыршақтың шығу тарихы да өзгеше оқиғаға толы болды. Ол кезде Роберт Пери деген зерттеуші өзінің отбасы қызы және әйелімен Гренландияға зерттеу экспедициясында жұмыс істеп жүрген болатын. Сол уақытта, дәлірек айтқанда 20-шы ғасырдың басында қысы өте суық Гренландияда жүріп жатқан экспедиция жұмысы мен кішкентай қыздың тағдыры жұртшылықты қатты алаңдатып, олардың суреттері күн сайын баспасөз беттерінде басылып жататын. Әсіресе, бетінен басқа жері түгел жабық аю сияқты көрінетін аң терісінен тігілген сырт киімдеріне жұртшылық көбірек назар аударатын. Сол кездері қуыршақ жасайтын мамандар олардың осы образына таңғалып «Тедди долл» деп аталатын қуыршақты ойлап тапқан.