Белла Газдиева: Ұстаз болмасам өзімді бақытсыз сезінер едім

Ғалым әрі Брунель университетінің зерттеушісі қалай ауылдық әкім атанды? Белла Газдиева – Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Ақмола филиалының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты, бұрынғы ауыл әкімі. Белла Гаджиеваның жүріп өткен жолына қарап, қазіргі заман әйелдері мақсаттарына жету жолында қандай қиындықтарға тап болатынын аңғаруға болады. Қазір ол мемлекеттік қызметші ретінде қоғамның дамуына өз үлесін қосып жүр. Белла Газдиева мол тәжірибесінің арқасында Кембридж университетінде дәріс оқуға шақырту алған. Оның өмірлік ұраны – Life-long learning, яғни өмір бойы білім алу.