YOUNIVERSE – дамудың көкжиегін кеңейту жолында

Мен қандай мақсатқа ұмтылып келе жатқанымды әрқашан сезініп келдім. Оның оңай болмайтынын, қиын жол екендігін, кейбір құрбандықтарға баруым керектігін түсіндім, яғни, ол уақытымды құрбан ету, демалудың орнына тыңбай еңбектеніп, хоббиім мен басқа қызығушылықтарымды құрбан ету сияқтылар. Мен бұл жолда құрбандық қасиетінің қажет екенін анық білдім. Барлығы бұл қасиетті құптамағанмен, шын мәнінде көп ынта-жігер мен назарды талап ететін мамандықтарда бұның аса қажет екеніндігін және бойымда осы қасиеттің барын жете ұғындым. Оны әрі қарай дамытқым келді.