Балет өнері жайында Рүстем Сейтбеков

Балет сахнасында нағыз еңбекқор жандар тер төгіп келеді. Өлшеулі уақыт – 20 жылдың ішінде барыңды салып еңбектенуіңе тура келеді. Күні бойы билеп жүргендіктен, кешке қарай аяғыңды көтере алмай құлай кетесің. Келесі күні де дәл солай жалғаса береді. Бұл – балет артистерінің айтқаны.

Сіз сахнадан көретін әдемі қойылымның артында қаншама еңбек, ай-күндік дайындық жатыр. «Өнер тарландары» жобасының бұл шығарылымында Қазақстанның балет өнері туралы сөз қозғалады.

Рүстем Сейтбеков – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» театрының жетекші солисі, педагог-репетиторы. Ол екі бірдей театрдың ашылуына куә болды. Қарапайым бишіден өнердің биігіне көтерілді.