«Салауатты ұлт» бағдарламасының кезекті шығарылымында дзюдодан, самбодан және қазақ күресінен ел чемпионы Ажар Салықовамен сұхбат құрылады.
Ажар Салықова Қарағанды облысындағы Шалқар ауылында дүниеге келді. Күреспен айналысуды сонда бастады. 25 жастағы Ажардың жеткен жетістігі өте көп. Ол – дзюдо, самбо, қазақ күресінен ішкі және халықаралық турнирлердің жеңімпазы. Осы табыстары үшін оны бұқаралық ақпарат құралдары «батыр қыз» атап кетті.
Жалпы биік белестерді бағындырған палуандар, боксшылар және каратэші жігіттер туралы жиі айтылады. Осыған байланысты кейде спортшы қыз-келіншектер ескерілмей қалады. Сол себепті бұл шығарылымның кейіпкері – дзюдодан еліміздің бірнеше дүркін чемпионы Ажар Салықова. Ол осыдан бірнеше күн бұрын ғана Мәскеуден оралды. Онда Ажар самбодан әлем кубогін жеңіп алды. Спорттық өмірі жайлы толығырақ «Салауатты ұлт» жобасынан көріңіздер!
Ал шығарылым соңында Қазақстандағы әйелдер баскетболы туралы айтылады.