Ауғанстан – 40 жыл бойы адам өлімдері белең алып, жарылыстар мен соғыс өрті басылмай тұрған мемлекет. Тәлібтер ел аумағының жартысынан астамын басып алған. Бүгінде Ауғанстанда бейбітшілікті қалпына келтіру жаһандық ауқымға ие.
Саяси диалог. Биыл ауғанішілік бейбіт келіссөздердің, және тәлібтер мен АҚШ арасындағы келіссөздердің бірнеше раунды өтті.
Ауғанстанның экс-президенті Хамид Карзай эксклюзивті сұхбатында бейбіт келіссөздердің барысы туралы баяндады. Бейбіт келісімге қол жеткізіле ме? 2018 жылғы кездесуде есімізде қалған тұлға байсалды, тура сөйлейтін және қарапайым ретінде қалды. Осы жолы онымен төмендегі тақырыптар бойынша әңгіме қозғаймыз.
- Ауғанстанда әйелдердің құқықтарын қорғау
- Бейбітшілік қайта орнағаннан кейінгі елдің болашағы
- Ауғанстан тәжірибесі өзге елдерге қандай сабақ береді?