Ресей астанасы кезекті ғажап хореографиялық қойылымдардың куәсі болды. Кремль сарайының сахнасында әлемдік жұлдыздармен бірге «Астана Опера» театрының балет артистері жарқырады.
«Астана Опера» театрының балет труппасы Мәскеуге театр режиссері және продюсері Андрис Лиепаның шақыртуымен келді. Ресейдің халық артисі жетекшілік ететін қазақстандық ұжым бар жоғы 4 жылдың ішінде әлемді мойындатып, өнерсүйер қауымның махаббаты мен құрметіне ие болды. Ресейдің бас концерттік театр сахнасында өнер көрсету – заманауи үздік балет труппаларының арманы. Бұл орайда қазақстандық театрдың мұндай кешке шақырту алуы – кәсібиліктің шыңдалғандығының белгісі.