«Уәде» бағдарламасының кезекті қонағы – Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек.
Елордада қордаланып қалған мәселе аз емес. Жазда Президент Астананың дамуына қатысты арнайы жиын өткізді. Қала әкіміне мәселелерді шешуге 1 жыл уақыт берді.
Осы сұхбатта біз Президент тапсырмасының орындалуына және қала әкімі ретінде халыққа берген уәдесінің жүзеге асу барысына тоқталдық.