Археологтар
Түркістан облысының ежелгі тарихы туралы жаңа деректердің бетін ашты.
Мәселен, «Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің аумағында
балшықтан жасалған кірпішті күйдіретін пештер табылды. Болжам бойынша Қарашық
өзенінің жағалауында табылған нысандар XIV ғасырға жатады және олар Қожа Ахмет
Яссауи кесенесінің құрылысы кезінде салынған. Естеріңізге сала кетейік, мұнда
бұрын кірпішті кептіруге арналған орындар, сондай-ақ, ежелгі дәуірге жататын
түсті металдарды балқытуға арналған пештер табылған. Ғалымдардың
айтуынша, ескерткіштің көп бөлігі қираған. Дегенмен зерттеу
жұмыстары аяқталысымен «Түркістан-Қызылорда»
тас жолының бойында ашық аспан астында музей ашылуы мүмкін.