Бағдарламада OutdoorKZ командасының Арал теңізіне жасаған саяхаты туралы әңгіме қозғаймыз. Қазақстандық спортшылардың Аралды қалай жүзіп өткенін көреміз. Арал теңізінің түбінде жатқан ежелгі елді-мекенге соғып, теңіз тартылғаннан кейін құландар мен басқа да түз тағыларының жай-күйі не болғанын білу үшін Барсакелмес қорығына барамыз.
Бүгінде Арал теңізі оффроауд романтикаға құмар жандардың қызығушылығын туғызып отыр. Алайда табиғатты қорғау ұйымдары стихиялық туризмнің өзін осы өңірдің экологиясына пайдасы тиетін бағытқа бұруға болады деп санайды.
OutdoorKZ командасы «Nomad Explorer» саяхатшылар қоғамдастығы ұйымдастырған экологиялық экспедицияларға бұрын да бірнеше рет қатысқан. Біздің түсірілім тобымызды Аралмен бұл өңірдің проблемасын жақсы білетін адамдар таныстырады.