Алтайдың жақұты, ежелгі таудың сақтаушысы әрі иесі – қасиетті марал. Бұл ерекше жаратылысты көрген адам оның сұлулығы мен сымбатын мәңгі есінде сақтап қалары сөзсіз. Бұл жануар Алтайды ежелден бері мекендеп келеді, адамдар оларды қолға үйрете алмаса да, көшпелі халық оның қасиетін пайдасына жарата білді.
Табиғи жағдайда маралдар шамамен 12 ден 14 жылға дейін өмір сүреді. Ал адамның бағылуымен 25-тен 30 жылға дейін жасайды екен. Ересектерінің биіктігі – 1,5 метр, ал салмағы 300-ден 350 кг-ға дейін болады екен. Ұрғашы маралдар сәл кішірек келеді. Олардың терісі сұрғылт қоңыр түсті болады да, ал көктемде түлегеннен кейін қызғылт сарыға айналады екен. Кішкентай төлдері теңбілді болып келеді. Бұларды ажырату өте оңай, яғни мүйізі барлар аталықтары болып саналады. Маралдар мамырдың соңынан бастап маусымға дейін төлдейді екен.
Бағдарлама барысында Шығыс Қазақстан өңіріндегі ең көрікті өлке Катонқарағайға бізбен бірге саяхаттап, Алтай тауларының ғажайыбы саналатын кермаралды көруге асығыңыз!