Қазақстандағы жалғыз теңіз порты – Ақтау айлағы елдің логистикасында және халықаралық жүк тасымалында шешуші рөл атқарады. Бұл шығарылымда біз порттың тәулік бойы қалай жұмыс істейтінін, мұнай, астық, контейнер және ауыр жүктің Каспий теңізі арқылы Иран, Әзербайжан және басқа да елдерге қалай жөнелтілетінін көрсетеміз. Контейнерлік хаб құрылысы мен порт аумағын кеңейту жобасы арқылы Ақтау Транскаспий дәлізінің маңызды буынына айналуда. Сондай-ақ, бұл фильмде теңіз деңгейінің төмендеуі, экологиялық қауіпсіздік пен халықаралық жүк айналымындағы жаңа қадамдар туралы айтамыз

