«Салауатты ұлт» бағдарламасының кезекті шығарылымында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионы Айза Имамбекпен сұхбат құрылып, алдағы жоспарын білетін боласыздар. Бұдан бөлек ғұмырын спорттық гимнастикаға арнаған ағайынды спортшылар – Құрбановтар туралы да айтылады.
Қазақстан спортындағы басты жетістіктердің бірі мәнерлеп сырғанауда екені белгілі. Осыған дейін бұл спорт түрінен үйірмелерге адам көп бара бермейтін. Спортшыларымыз да шетелде аса танымал емес еді. Бағдарлама қонағы – Айза Имамбек. Ол – Қазақстан чемпионы. Пхенчхан қаласында өткен Олимпиада ойындарында өнер көрсетті. Оны шетелдік жанкүйерлер де таниды. Қазір ол Алматыда.
Айза Имамбек мәнерлеп сырғанаудан неге кетті? Қазір немен айналысып жүр? Осы сауалдарға жауап ала отырып, Қазақстандағы мәнерлеп сырғанау спортының қазіргі жай-күйі мен эмоциялық тұрғыдан қатты әсер алған жарыстары туралы білетін боласыздар.