Әбілхан Қастеев таланты: Адам жанын бейнелеген

«Біздің тарих» бағдарламасының бүгінгі санында қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі - Әбілхан Қастеев туралы айтылады.

Ол Қазақстан тарихында 1944 жылы алғаш рет «Халық әртісі» атағын алған. Оның картиналары «Кеңес заманының жетістіктері» деп аталды. Қазақстандағы коммунизм құрылысының барлық маңызды кезеңдерін қағаз бетіне түсірді. Нағыз суретші ретінде өзі өмір сүрген дәуірді бейнелеуші, өзін таңқалдырған дүниенің барлығын картиналарына арқау еткен.

Жылы жүзімен адамзатты баураған талантты суретшінің өмірі мен шығармашылығы жайлы толығырақ «Біздің тарих» бағдарламасынан көріңіздер!

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?