Гүлнара Сәлмен. Оқыту. Шабыттандыру. Ағарту

Мұғалімнің кәсібилігі, ол өз пәнін білуден немесе педагогиканы білуден әлдеқайда кең ұғым. Мұғалімнің жақсы әлеуметтік капиталы болуы өте маңызды, бұл оның мәдени капиталы, бұл сонымен қоса, оның кәсіби капиталы, бұл оның адами капиталы. Осының бәрі қосыла келе, мінсіз мұғалімнің бейнесін қалыптастырады. Ондай мұғалім, қайталап айтқым келеді, баланың әлеуетін ашу үшін бәрін бере алады.