Әлемнің жеті кереметіне жататын ерекше ғимараттардың бірі - «Тәж-Махал». Үндістанда орналасқанмен, «Архитектураның шыңы» деп аталатын сарай Моғол империясының билеушісі Шах Жаһанның пәрменімен салынған.
Негізі сәулеттік нысанның жобасы Моғол патшалығының тағы бір тақ иесі – «Құмайын кесенесімен» ұқсас. Бұл – Үнді тарихындағы алғашқы және эталонды «бақшалы мазар». Сондықтан ол өзінен кейін тұрғызылған ғимараттарға үлгі болды.
Ал құрылысты жүргізуге қатысқандардың арасында – Үнді түбегіне Орталық Азиядан барған түркі халықтары, соның ішінде қазақтың арғы бабалары да бар дегенге сенесіз бе? Оған қандай дәлелдер бар? Тәж-Махалды салған құрылысшылар неліктен өз өнерлерін өзгелерге үйретпеді? XVI-XVIII ғасырларда үнді базарында қазақтың қандай түлігі қымбатқа бағаланған? Бұл сұрақтардың жауабын «Бабалар ізімен» экспедициясы толық айтып, тарихи дәлелдерін келтіріп береді.