Бағдарламаның бұл шығарылымында қазақ әдебиетінің теңдессіз феномені туралы әңгіме қозғалады. Оның есімі – Герольд Карлович Бельгер.
Қазақтың көзімен алып қарағанда, әулиелік пен адамгершіліктің өлшеміндей болған Герольд Бельгер тура бір аңыз кейіпкері сияқты болатын. Білімі терең, бірнеше тіл меңгерген ол қазақ тілін ауызекі деңгейде емес, сол тілде оқып-жазатын көзі қарақты оқырманның көңілінен шыққан көркем әдеби шығарма жазған қаламгер әрі кәсіби аудармашы еді.
Халық арасында «Гер аға» атанған ол қазақ тілін әдебиет те, тіл білімі тұрғысынан да тамаша білетін. Кейде тіпті қазақтардың туған тілінің байлығы мен әуезділігін жете білмейтіндігіне қанжылатын.
Бельгер Нұрпейісов, Майлин, Мүсіреповпен қоса өзге де қазақ классиктерінің туындыларын аударды. Ол кәсіби аудармашылар қатарында құрметті орынға ие болған.
Оның бойынан немістің де, қазақ халқының да ұлттық болмысы тамаша көрініс таба білді. Бірбеткей де тік мінезіне қарамастан, достыққа адал еді. Әріптестерінің арасында Зейнолла Қабдолов, Әбіш Кекілбаев, Шыңғыс Айтматов сынды қаламгерлердің шығармашылығын жоғары бағалады.