Жыл басынан бері елордаға салынған инвестиция көлемі 10% жуық өсіп, 588
млрд теңгеге жетті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Астана әкімі Жеңіс Қасымбек
бас шаһардың дамуы туралы мәлімет берді. Бұл қаражаттың дені өңдеу өнеркәсібі,
білім, сауда және логистика салаларына құйылған. Сондай-ақ, Президентке қаланың
инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымы, Smart City жобасының іске асырылуы туралы
баяндалды. Бүгінде Astana LRT жеңіл рельсті көлік желісі толық жұмыс істеп тұр.
Қазір жобаның екінші кезеңі пысықталуда. Ал жаңа оқу жылында 12 білім ошағы
ашылады. Сонымен қатар, 2 оқушылар сарайын және 6 балабақшаны ел игілігіне беру
жоспарланып отыр. Бұдан бөлек биыл елдің бас шаһарында бірқатар аула мен
қоғамдық кеңістікті абаттандыру, 1,1 млн түп жасыл желек егу көзделген.

