Унзила Мыңбай: Табиғат берген дарын

Өзі де, есімі де ерекше Унзила кішкентай кезінен шығармашылыққа құмар болып өскен. Бастапқыда ойларын әлеуметтік желілерде жариялап, кейіннен оларды өз туындыларына арқау еткен. Унзила Мыңбай: Жазушы болу үшін 60 жасқа келгенімді күтіп, балаларым жоғарғы оқу орнына түскеннен кейін бастаймын деп отыратын жағдайым жоқ. Кітап жазуда шабытым оянуы үшін, ағаштан салынған үй мен айланысында орманы мен көлі бар жер болсын деп, құр армандап қол қусырып отырғым келмейді.